$ 495.95  524.37  4.98

«Болашақ министр»: 23 елдің туын жаңылмай айтқан бүлдіршін жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

Жаттап алу керек еді, мына баладан ұят болды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Қайдар Қанат есімді бүлдіршіннің жиырмадан астам елдің туын мүдірмей, жатқа айтқан видеосы тарады. Желі қолданушылары баланың алғырлығына тәнті болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайдар Қанат есімді 4 жастағы бүлдіршін 23 елдің мемлекеттік туын жатқа айтты. Ол видеода анасы көрсеткен тудың суреттері ойланбастан қай елге тиесілі екенін атады.

Бүлдіршін Өзбекстан, Қытай, Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Чехия, Грекия, АҚШ, Канада, Италия, Түркия, Мальдив аралдары, Швеция, Испания,Мексика, Беларусь, Оңтүстік Корея, Германия елдерін атап өтті.

Бір қызығы Қырғызстанның туын көргенде Қайдар “Қазақ-қырғыз бір туған” деп айтып қалды. 

Бүлдіршіннің тәтті тілі мен алғырлығына сүйсінеген көпшілік баланың кейбір ересектерден де ақылды екенін айтып жатты.

“Өзі ақылды”, “Мынаның көбін мен білмеймін”, “Швейцарияның туын дәріхана деп едім”, “Неше жоғары білімі бар?”, “Жаттап алу керек еді, мына баладан ұят болды”, “Болашақ сыртқы істер министрлігі”, “Қазақ-қырғыз бір туған” деген тіліңінен”, “Отырысының өзі бөлек қой”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары