Автокөлік шығару саласы ШҚО-да басты салалық сектор тізімдеріне қосылмақ. Келер жылы «Алға» қазақстандық автокөлік өндiрістік корпорациясы» ЖШС «Howo» жүк көліктерін шығара бастауы тиіс, деп хабарлайды Baq.kz.
Осылайша, еліміздегі автокөлік өндірудің 50 пайыз үлесі Шығыс Қазақстан облысына тиесі болмақ.Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығы мәлім етті. «Бұл жағдай Қазақстанның автокөлiк жасайтын кәсiпорындарына индустриалды-инновациялық дамуды қолдау тұрғысынан мемлекеттiк институттардың назарына басымдылық береді» делінген орталық хабарламасында.
Шығыс Қазақстан облысында соңғы кезде мультипликация эффектісімен машина жасау саласы белсенді қолға алынуда. Облыс аумағында «Азия авто» және «СемАз» сынды екі ірі кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, 2015 жылы «Қазақстан-Азия Авто» автокөлік шығару кәсіпорны желісі толық циклді жұмысқа қосылмақ деп жоспарлануда.
ШҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтуынша, бұл жобаның реализациясы 2017 жылы барлық бөлімшелердің 0,37 пайызын құрамақ.
— Автозауыт жұршылықты 12 000 тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Сонымен бiрге, өзге салаларда 17 460 жаңа жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте, бюджетке салық аударымдары да әжептәуір өседi, — дейді ол.