$ 495.95  524.37  4.98

Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжамынша, ертең түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ болады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 қарашада Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, ертең түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі.

Жексенді түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с болады.

17 қарашада Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Жексенбі Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оралда 17 қараша түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ертең Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланады.

17 қараша түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанды.

Жексенбі түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

17 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары