Отбасылық зорлық-зомбылықты әкеден тек әйелі емес, кейде қыздары да көреді.
Әлеуметтік желіде әкесі қызын теуіп жатқаны туралы видео тарады. Әлгі видеоны желіге белгілі заңгер Айгүл Орынбек жариялады. Ал әзірге бұл оқиғаның нақты қайда болғаны белгісіз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен жауыздыққа қарсымын!
Әкесі қызын ұрып, теуіп жатыр.
Отбасылық зорлық-зомбылықты әкеден тек әйелі емес, кейде қыздары да көреді.
ҚР Бас прокуратурасы мына видеоны көріп, құқықтық баға беруді сұраймын.
Ержан Саденов мырза өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!
Отбасындағы тәрбие күш қолданусыз берілу керек. Зорлық- зомбылықсыз отбасы мәдениетін қалыптастыруымыз керек», – деп жазды заңгер желідегі парақшасында.