18.11.2024, 08:30

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay.com

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктері 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі, түнде батысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады.

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында кей уақытта тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.