Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.
17 қараша күні Қандыағаш қаласында судан белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш фактіге қатысты Ақтөбе облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге марқұмның жеке басы анықталмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.
«Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады», - деп түсіндірді Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері.