$ 497.89  525.12  5

Батыс Қазақстанда экс-полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

Облыстық прокуратура ер адамдар арасында басталған ауызша жанжал төбелеске ұласқанын хабарлады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында жанжал соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, қайғылы жағдай 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған. Облыстық прокуратура ер адамдар арасында басталған ауызша жанжал төбелеске ұласқанын хабарлады. Салдарынан ауыр дене жарақат алған ер адамның біреуі ауруханада көз жұмған. 

Бүгінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Ер адам бұрын теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылған көрінеді. 

Қылмыстық Кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Экс-полицейдің ішкі істер органдарынан қашан босатылғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары