Полиция бұл фактіге қатысты қоңырау түспегенін хабарлады.
Қостанай облысы Жітіқара қаласында дәмханада отырған әйелдер арасындағы төбелестің видеосы желіге тарап кеткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq-Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада көрініп тұрғандай, әуел баста екі әйел сөзге келіп қалған. Оларды бір ер адам ажыратып тұр. Алайда, арасынантағы бір әйел келіп, төбелес бастай жөнелген.
Қазір осы факті бойынша төбелеске қатысқан адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Алайда, Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданының полициясына бұл оқиға бойынша қоңырау түскен жоқ, - деп хабарлайды Жітіқараның полициясы