Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады, батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбі, 2024 жылғы 19 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Оған сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Елдің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі", деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады, батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.