Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалімнің онда жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған.
Семейде мұғалім 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен, қазір оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің тәлімгері қамауға алынып, оған тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалімнің онда жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. Әріптестері оның тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Ал жәбірленуші қыз 8-сыныпта оқиды. «Ол қазір сабаққа келіп жүр» дейді мамандар.
«Ол мұғалім 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазір құзырлы органдар тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында», – деді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев.