Құрмет пен сенім үшін президент Тоқаевқа рақмет!
Сербия президенті Александр Вучич әлеуметтік желіде әйгілі Алматы апортын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйға алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгінгі кеште мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдау құрметіне ие болдым, Сербия – есігін достарына мақтанышпен ашатын ел және біз бұл кеште қонақжайлылық дәстүрімізді ортақ дастархан басында тағы бір мәрте паш еттік. Мұнда бізді біріктіретін құндылықтар туралы айтамыз мен Қазақстанның танымал алмаларын сыйлыққа алдым. Құрмет пен сенім үшін президент Тоқаевқа рақмет! Бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтады деген сенімдемін», - деп жазды Вучич Facebook-тегі парақшасында.