19.11.2024, 12:20

«40 миллион қарыз»: Алматы облысында мұғалімдер алты айдан бері жалақы алмаған

Фото: alpharabuis

56 мұғалімнің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды.

Түскен қаражат мұғалімдерге төленді.