Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
17 қарашада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тойханада тойдың барысында төбелес болды. Алғашында адамдар жігіттерді ажыратпақ болды, бірақ арты дауға айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тойдағы жанжалдың неден басталғаны ешкімнің есінде жоқ, бірақ қонақтар жаппай төбелесті өз бетімен тоқтата алмады. Сол үшін оқиға орнына полиция келді.
"Полиция екі ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды. Сонымен қатар түнде ойын-сауық мекемесінде қараусыз жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің өкілдері де жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Маңғыстау полициясы.