19.11.2024, 16:00

Түркістан облысында төрт адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: Түркістан облысы ПД

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады.

Жетісай — Жібек Жолы тас жолындағы жол көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"ВАЗ" маркалы автокөлік "Вольво" жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапты. 

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.