Өлімнің себептері әлі белгісіз.
Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады.
Өлімнің себептері әлі белгісіз.
"29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған", – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында.