$ 495.2  522.34  4.94

Бетін пышақпен тілгілеген: айуандықпен адам өлтірген ақтөбелік сотталды

Марқұм, өзін қылқындырып жатқанда 112 нөмірін теріп, көмек те сұраған. Бірақ кезекшілікте отырған құтқарушы қоңырауға мән бермеген.

Фото: КТК
Фото: КТК

Ақтөбеде 55 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген күдіктіге үкім шықты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ktk.kz-ға сілтеме жасап. 

Сотталушы автокөлік үшін адам өлтіруге дейін барған. Енді ол 22 жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

Үкім тыңдауға кісі қолынан мерт болған марқұмның жақындары ғана келді. Ал сотталушы тарапынан ешкім жоқ. 44 жастағы Қасымхан Үсенов соңғы сот отырысында бетін көлегейлеумен болды. Осыдан бес ай бұрын 55 жастағы әйел автокөлігін сатпақшы болады.

Сотталушыға тұтынушы болып хабарласып, көлікті көрмекке кездеседі. Қала сыртына қарай шыққан кезде рөлде отырған әйелді белдікпен қылқындырған. Демі таусылған кезде, мәйітті сол маңдағы ағаш арасына апарып тастай салған. Ең сорақысы, өлікті адам танымас үшін бетін пышақпен тілгілеген. Құны 150 мың теңгелік алтын алқасын шешіп алған. 

Енді осы қылмысы үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұм, өзін қылқындырып жатқанда 112 нөмірін теріп, көмек те сұраған. Бірақ кезекшілікте отырған құтқарушы қоңырауға мән бермеген. Осыдан екі ай бұрын төтенше жағдайлар департаментінің ол қызметкері екі жылға шартты түрде сотталған. Марқұмның туыстары сотталушыға кескен жазамен келісетінін айтады.

"22 жыл үкімді сот мырза беріп отыр. Прокурор 23 жыл беріп еді. Біз өмір бойы деп қанағаттанып тұрмыз. Өмірлік жаза болса, өмірлікке жіберер еді. Өмірлік деген жаза бермей тұр ғой, заңда. Адам орнына келмейді енді. Ол да қыз асырап отыр екен. Бір Аллаға тапсырдым", - дейді марқұмның әпкесі Гүлнәр Сұлтанбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары