$ 494.87  520.65  4.91

ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды

Кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Энергетикалық сусын – құрамында кофеин, қант, психостимуляторлық заттар қоспалары (матеин, гуарана, женьшень, шөп сығындылары, цикламат, сахарин, сукралоза) бар, орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететін психикалық және физикалық адамдардың денсаулығына әсер ететін тәуелділікті тудыратын газдалған алкогольсіз немесе алкоголі аз сусын.

Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады. Кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі. Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады», - делінген ҚМДБ үкімінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары