Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен және балғамен ұрып өлтірмек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салдарынан жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолдары сынған. Әйелді әріптестері аман алып қалды. Артынша ер адам әйел жұмыс істейтін мектепке барып, баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры ер адамды мектеп ғимаратына кіргізбеген.
Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.