22.11.2024, 12:40

«Екінші анамыз ғой»: Ұстаздарына тәтті сыйлап қуантқан шәкірттер желідегілерді елжіретті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мұның бәрі эмоция.

Әлеуметтік желіде жүректі елжірететін жаңа тренд пайда болды. Мектеп оқушылары сүйікті мұғаләімдеріне күтпеген жерден тәтті сыйлап, қуанышты эмоция жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл тренд TikTok желісінде таралып жатыр. Мұғалімдердің қуанышты жүзін көрген желі қолданушылар көзіне жас келгенін жазған. 

"Апайға "бүгін әдемісіз, видео түсірейікші" деп қуанттық", - деп жазған оқушылар. 

"Мұның бәрі эмоция. Балалардың жүзіндегі қуанышты көрмейсіздер ме? Титтей де болса жақсылық жасаған адамның көңілі жібиді. Осы қуанышпен іштегі эмоция шығып, бала өзін бақытты сезінеді", "Керемет апай екені көрініп тұр, осы тренд жақсы болды", "Жандарым, ұстаздарын қуантқан жүзерінен", "Жылап жіберетін шығармын, бәрі шын эмоция сыйлап жатыр", "Екінші анамыз ғой", "Апайларың мәз болып қалды ғой", "Эмоция деген осы ғой", - деп жазған желідегілер.