22.11.2024, 16:20

Енді халық Еgov мобильді қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты ұсыныстарын енгізе алады

Фото: ortcom.kz

Қазақстандықтар UTC+5, UTC+6, "Маған бәрібір" және "Білмеймін" деген нұсқалардың бірін таңдай алады.

Еgov мобильді қосымшасында қазақстандықтарға уақытты өзгертуге қатысты бірнеше сұрақ қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Электронды үкіметте қазақстандықтардан қай сағат белдеуі ыңғайлы екенін анықтау үшін сауалнама өтіп жатыр. Қазақстандықтар UTC+5, UTC+6, "Маған бәрібір" және "Білмеймін" деген нұсқалардың бірін таңдай алады.

Сондай-ақ уақыт белдеуіне қатысты қандай өзгерісті қалайтындарын сұрайды. "Ештеңені өзгертпей, бәрі сол күйінде қалсын", "Уақытты жыл мезгіліне (жаз/қыс) қарай өзгерту керек", "Алдыңғы уақытқа оралу керек" деп ұсыныс білдіре алады.

Сонымен қатар ұсынысты пайдаланушылардан күндізгі уақытта не нәрсеге уақыт жетпейтіні сұралады.

Сауалнаманы eGov мобильді қосымшасында "Хабарламалар" бөлімінен таба аласыз. 

Еске салсақ, 19 қарашада Үкімет отырысында Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды. Алайда осыдан кейін бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеу үшін 160 миллион теңге жұмсалатыны айтылған.