Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын.
Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан баспанасын бір оқырманына сыйлауға қарсы емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы жақында ғана көпбалалы анаға баспана сыйлаған еді.
Ешқандай интригасыз бірден айтайын: үйімді біреуге сыйлағым келеді. Осы күнге дейін ешқандай дүние мүлікті сатқан емеспін. Достарыма үйімді сыйлап жіберген кезім болды. Көліктерімді оқырмандарыма тегін тараттым. Мына үйді алғанда да қаншама адам негатив жазды. Сол кезде сатып, басқа жаққа көшкім келді. Енді Дари да келіспей отыр. Отбасылы адам болғасын өзім ғана шешім қабылдамаймын. Үйдің құны – 300 миллион теңге. Қазір бағасы тіпті өсіп кетті. Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын. Бұрын да ойлап қойып едім. Ол кезде осы үйге жаңадан көшіп келіп жатқасын қызығы басылмады. Одан кейін басқа баратын жеріміз болмады. Болашақта осы үйімді біреуге тегін сыйлап, масштаб тұрғысында контент жасағым келеді, – деді Дархан.
Еске салайық, блогер айына қанша теңге табатынын жасырмаған еді.
Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді, – деген еді Дархан.