24 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 24 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысы
24 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с. Қонаев қ.: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.
Абай облысы
24 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
24 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
24 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
24 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 24 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
24 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
24 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысы
24 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысы
24 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.