$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды

Оқиға орнында тағы үш адам болған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте пәтерлердің бірінен 78 жастағы қария өлі табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында тағы үш адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген.

Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Қабылдау бөліміне үш 3 науқас жеткізілді. Кейуана және екі немересі. Әйелдің жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Жағдайы жақсы болуына байланысты немересі мен екеуін үйіне шығардық", -  деді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары