$ 498.51  522.84  4.81

«Жауын-шашын, күшті жел мен көктайғақ»: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.

Фото: depositphotos
Фото: depositphotos

 

Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері жауын-шашын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болады. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.

Ал 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман болып жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін болады. 

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары