Осы сәтте “BMW” көлігінде 23 жастағы келіншек екі жасар ұлымен отырған. Әп-сәтте көлік қызыл отқа оранып, ондағы жолаушылар да өртеніп кеткен.
Жамбыл облысында жан түршігерлік апат салдарынан жас әйел екі жасар баласымен тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының 369-шы шақырымында «Мерседес» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жол жиегінде тұрған BMW көлігіне соқтығысқан.
«Жүргізуші рульді басқара алмай қалса керек, қазір ол ұсталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Осы сәтте “BMW” көлігінде 23 жастағы келіншек екі жасар ұлымен отырған. Әп-сәтте көлік қызыл отқа оранып, ондағы жолаушылар да өртеніп кеткен.