Орта медицина қызметкер – 307 мың теңге алады.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы еліміздегі ақ халаттылардың айлығы туралы айтты. Ведомство қазақстандық дәрігерлердің орташа жалақсы 597 мың теңге болып белгіленгенін мәлім етті. Сондай-ақ министрлік өкілі медицина қызметкерлері жұмыс өтіліне және біліктілігіне қарай айлық алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін, яғни 4 жыл аралығында медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру жоспарланды. Атап айтқанда, дәрігердің айлығы 30%-ға, орта медицина қызметкерінің (фельшер, акушер, мейіргер, санитарлық фельдшер) жалақысы 20%-ға көбейді.
2024 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақы мөлшері мынадай (бір ставка):
2023 жылы еңбек тәжірибесі 1 жылға дейінгі, ешқандай санатқа жатпайтын дәрігерлердің жалақысы шамамен 306,8 мың теңге болды.
Айта кетейік, өткен жылы 13–16 жыл еңбек өтілі (1 ставка) бар бірінші санатты жалпы тәжірибелік дәрігердің жалақысы шамамен 384 мың теңге еді.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, 2024 жылы қосымша төлемдерді, ақылы қызметтерді, кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бойынша төлемдерді, сараланған төлемдерді ескере отырып, орташа жалақы (ел бойынша):
Ал 2023 жылы Қазақстан бойынша дәрігерлердің орташа жалақысы қосымша төлемдерді, ақылы қызметтерді, жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бойынша және сараланған төлемдерді есепке алғанда 519 мың теңгеге тең болды.
Денсаулық министрлігінің мәліметінше, дәрігерлердің айлығы қызметкердің жұмыс өтіліне, біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
Сондай-ақ ведомство өкілдері дәрігерлердің айлығы бір деңгейде тұрып қалмайтынын айтады.
“Әр маманның жалақысы жұмыс өтіліне, біліміне байланысты өзгеріп отырады. 2023 пен 2024 жылдың айлықтарында еш өзгеріс жоқ. Өйткені биыл жалақы әлі өскен жоқ”, – деді министрлік өкілі.
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі бұл ретте, 2024 жылға бекітілген бюджеттің шығындарында медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыру көзделмегенін мәлімдеді.
Медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында 2020–2023 жыл арасында медицина қызметкерлерінің айлығы кезең-кезеңімен көтерілді: дәрігерлердікі – 30%-ға, ал фельдшерлердің жалақысы – 20%-ға өсті.