$ 498.51  522.84  4.81

Қонақүйдегі жасырын бөлме қазақстандықтарды шошытты (ВИДЕО)

Таиланд адам органын сатумен аты шыққан ел.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Таиландқа саяхаттап барған қазақстандықтардың қонақ үйдегі нөмірінен жасырын бөлме тауып алған видеосы тарады. 25 жастағы отандасымыз Нұрай Бостанова нөміріндегі жасырын бөлмеге тап болды. Қайда апаратыны белгісіз есік қазақстандық туристердің көңіліне күдік пен қорқыныш ұялатты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрай Таиландтың Паттайя қаласына отбасымен және достарымен саяхаттап барған. Жуынатын бөлмеден шығып, киімін алмақ болған оның көзіне қабырғадағы жасырын есік түскен.

“Бұл туралы айтарлықтай ештеңе деп ойлаймын. Мүмкін, мұндай есіктер құбырларға кіру үшін қолданатын шығар. Бірақ мен бұған сенімді емеспін. Әрине, мен мұндай жерде қалғым келмейді”, – дейді Нұрай.

Желіде тараған видеодан жасырын есіктің ішінде тағы бір есік барын көруге болады. Оның арғы жағы шағын бөлмеге ұқсайды. Туристер қызығушылық танытып бөлмеге қарай бет алды. Нәтижесінде есіктің соңы басқа бөлмеге апаратынына көз жеткізді.

“Қазақстанда отырып біз қорқып отырмыз”, “Балалар мен жас қыздарды бөлмеде қалдырмаңыздар”, “Неге видеода қонақ үйдің атауы мен мекен жайын көрсетпейсіздер?”, “Таиланд адам органын сатумен аты шыққан ел”, “Бөлмеде жасырын камера да бар шығар”, – деп жазды желі қолданушылары.

Нұрайдың айтуынша, 15 адам болып Бангкоктағы концерттерді және Паттайядағы қысқа аялдаманы қамтитын алдын ала жоспарланған маршрут бойынша саяхаттап жүрген. Бұл қонақ үйде олар екі түн түнеген.

“Біз ешкімді қорқытқымыз келмейді, бірақ мұндай жерге бір топ адаммен және балаларсыз келген дұрыс деп шештік. Біз жай ғана басқа нөмірге ауыстыруын сұрадық. Мүмкін, бұл расымен құбырларға апаратын арнайы техникалық рұқсаты бар есік шығар”, – дейді турист.

Отандасымыз болған жағдайға қарамастан мейманханаға жоғары баға берді. Бөлме таза, әдемі, бізге ұнады. Бірақ мені алаңдатқан жалғыз нәрсе осы бөлме болды”, – дейді Нұрай.

Қазақстандық туристің видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары саяхат кезінде барынша қауіпсіз жерді қалай таңдау керегін талқылап жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары