Автобус салонында жолаушылары арасында жанжал болған.
Алматыда қоғамдық көлікте әйел адамды жұдырығымен ұрған 66 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, автобус салонында жолаушылары арасында жанжал болған.
Әйел адамның телефонмен қатты сөйлескеніне наразы болған ер адам оны жұдырығымен ұрып жіберген.
«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.