$ 524.58  551.91  4.93

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Айдың соңына қарай жауын-шашын республиканың барлығын дерлік жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райы туралы айтты. Синоптиктердің пікірінше, 2024 жылдың 28, 29 және 30 қарашасында қазақстандықтар тұрақсыз ауа райына дайындалуы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Метеорологтар таратқан мәлімдемеде елдің оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтілетіні атап өтілді. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Айдың соңына қарай жауын-шашын республиканың барлығын дерлік жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Дегенмен, мамандар температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін баса айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары