$ 513  541.16  4.69

Бишімбаевтың жазасын «жеңілдетпек» болған әйелге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Апелляциялық сатыдағы судьяларға 100 млн теңге пара беруге итермелегені және аса ірі көлемде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп таныған еді. 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында алаяқтық жасауға оқталғаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі) үшін сотталған М.Гарчёваға қатысты іс апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін алқабилер М.Грачеваны Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге көмектесемін деп, апелляциялық сатыдағы судьяларға 100 млн теңге пара беруге итермелегені және аса ірі көлемде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп таныған еді.

Ол сот үкімімен 2024 жылдың 28 қазанында 10 жылға сотталған еді. Грачева бұл үкіммен келіспей, апелляциялық арыз түсірген.

Апелляциялық сот бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары