$ 524.65  552.19  5.14

Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген

Оны қызметінен босату ұсынылды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KazTAG-қа сілтеме жасап. 

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.

Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары