$ 524.58  551.91  4.93

Ресейдің «Орешник» зымырандарын пайдалануы Украинадағы ахуалды шиеленістірмей ме?

Путин "Орешник" жүйесін ядролық қаруға теңеді.

Фото: Вконтакте
Фото: Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында жақында сынақтан өткізілген "Орешник" жоғары дәлдіктегі зымыран жүйесі жайлы айтып берді. Ресей президенті ел халқына теледидар арқылы үндеу жасап, Ресейдің Днепрдегі әскери-өнеркәсіп кешеніне "Орешник" деп аталатын жаңа орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранмен соққы бергенін айтты. Путин мұның Батыстың Ресей аумағына дәлдігі жоғары қарумен жасаған шабуылына жауап екенін атап өтті. Бұл зымырандарды соғыс жағдайында пайдалану қандай Ресейге қандай тиімділік береді. Skifnews.kz  ақпарат порталының тілшісі зерттеп көрді.

 

Сәрсенбі күні таңертең Украинаның қарулы күштерінің әскери-әуе күштері Днепрге құрлықаралық баллистикалық зымыранмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Бірақ БАҚ батыстық дереккөздерге сілтеме жасап, бұл зымыранның басқа түрімен жасалған тәжірибелік соққы екенін мәлімдеді. Путин оны соғыс кезінде сынақтан өткенін растады.

Айта кетейік, тарихта алғаш рет құрлықаралық баллистикалық зымыран әскери мақсатта пайдаланылылды.

“Бейсенбі күні Днепр қаласына ядролық емес оқтұмсық қолданылған соңғы "Орешник" зымыран жүйесімен шабуыл жасалды. Бұл батыстық сарапшылардың болжамына сәйкес, орташа қашықтықтағы зымыран еді. 19 қарашада Украина алты америкалық АТАКМС зымырандарымен Ресей аумағына шабуыл жасады, одан кейін британдық "Storm Shadow" және HIMARS-ты пайдаланды”, – дейді Путин.

Ресей президенті осылайша Украина қарулы күштеріне қарашаның 19-ы мен 21-і күндері Брянск және Курск облыстарындағы нысаналарға ATACMS және Storm Shadow зымырандары арқылы жасаған шабуылына жауап бергенін айтады. Сондай-ақ ол УҚК шабуылы кезінде Курск облысындағы командалық пункттер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар болғанын, бірақ Брянск облысына жасалған шабуылда ешкім зардап шекпегенін айтты.

“ATACMS Брянск облысындағы, "Дауыл көлеңкесі" Курск облысындағы әскери нысандарға шабуыл жасады. Брянск облысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Негізі Курск облысындағы "Север" тобының командалық пунктін нысанға алдық. Өкінішке қарай, құрбандар, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Командалық құрам зардап шеккен жоқ, бірақ "сыртқы қауіпсіздік" нысандары мен қызмет көрсету нысандарына шабуыл жасалды", – дейді ол. 

Путин Киевке Ресейдің әскери нысандарына соққы беру үшін американдық және британдық зымырандарды қолдануға рұқсат бергені үшін Батыс елдерін тағы да сынға алды.

Запастағы бірінші дәрежелі капитан, әскери сарапшы Василий Дандыкин “Орешник” зымыранының 10 мах жылдамдықпен соққы жасайтын және оған ешкім қарсы тұра алмайтынын айтады.

“Бұл құрлықаралық зымырандар емес, орташа қашықтықтағы зымырандар. Ең бастысы –  олардың жылдамдығы. Олар секундына 10,3 шақырымға ұшады. Зарядтың көлеміне байланысты диапазон әртүрлі болуы мүмкін, ал бөлек оқтұмсықтарының жоғары қуатты заряды бар. Бұл зымыранның алғашқы жауынгерлік сынағы сәтті өтті”, – дейді ол.

Василий Дандыкин зымыранның ұшу қашықтығы бірнеше мың километрге жетуі мүмкін екенін айтады.

“Бұл зымырандарды атып түсіру өте қиын. Кез келген зымыран немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі оны жоя алмайды. Алдағы уақытта да солай болады деп үміттенемін”, – дейді Дандыкин.

 

Владимир Путин "әріптестерінің өтініші" бойынша "Орешник" жүйесі туралы айтуға бел байлағанын жеткізді. Оның сөзінше, ұзақ қашықтағы нысандарды жоя алатын зымыранның бүгінде аналогы жоқ.

"Меніңше, мұндай зымыран жүйесі жақын арада пайда бола қоймайды. Зымыранның қалай жұмыс істейтінін айтайын. Ондаған зымыран бір уақытта ұшырылады. Жылдамдығы секундына 3 километр. Зымыран түскен жердегі температура 4000 градусқа жетеді. Білуімше, Күн беріндегі температура 5500-6000 градус шамасында. Сәйкесінше соққы радиусындағы заттар күлге айналады", – деді ол.

Сонымен қатар "Орешник" жүйесі тереңде орналасқан, жақсы қорғалған нысандарды да жоя алатынын жеткізді. Оның қуатын ядролық қарумен теңеп, мұны "жаппай жою қаруына" жатпайтынын мәлімдеді. 

"Біз қаруды соғыс жағдайында сынауға мәжбүр болдық. Нақты айтсақ, Брянск пен Курск облыстарында батыста дайындалған ATACMS пен Storm Shadow зымырандарымен соққы жасалған соң, жауап ретінде қолданылды", – дейді Путин.

Сондай-ақ Ресей президенті "Орешник" жүйесінің жаппай өндіріске енгізілгенін атап өтті.

"Осы санаттағы өнімдер бойынша біздің "мәзірде", бұлай айтуға болса әрине, жақын арады өзге де өнімдер пайда болады. Клиент разы болады дейді ғой", – деп келтірді Путин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары