$ 511.22  540.05  4.73

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды

Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туған 707 нәресте және 96 егіз бар.

фото: instagram.com/ akimat_shymkent
фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды, деп Skifnews.kz ақпарат порталықала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1990 жылы туған Азиза Қалиева ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанған. Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметінше, нәрестенің салмағы – 4 900 грамм. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Айта кетcек, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туған 40-тан аса сәбиге күрделі ота өткізілген.

Сондай-ақ перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туған 707 нәресте және 96 егіз бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары