Астана қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Синоптиктер 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман болады.