01.12.2024, 16:30

Ақмола облысында жарты ай бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Фото: gov.kz

Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамның денесін даладан тапты.

Ақмола облысында жарты ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19 қараша күні Біржан сал ауданының полиция бөліміне Андрей Андреевич Рябконың жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, жас жігіт 14 қарашада жоғалып кеткен, бірақ туыстары бес күн бойы өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, тек бесінші күні полицияға жүгінген.

Жігіттің ата-анасының айтуынша, ол бұрын көрші ауылдағы туыстарына жаяу барып тұратын болған.

Іздеу жұмыстары дереу ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен бейжай қарамайтын азаматтардан арнайы топтар құрылды.

30 қараша күні полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамның денесін даладан тапты. Алғашқы тексеру барысында ер адамның аяздан қайтыс болғаны анықталды, өлімнің нақты себебін сараптама айқындайтын болады.