Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.
Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапты деп құрбысын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алды. Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арызданған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облыстық сотының мәліметіне сүйенсек, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, кіре беріске шығуын өтінген. "Неге маған жала жабасың?" деген ол ұрып-соғып, мұны видеоға түсіріп алған.
Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.
Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды”, – деп хабарлады сот.
Апелляциялық шағым берудің соңғы мерзімі – 3 желтоқсан.