Бұл қызметке Айдар Омаров келді.
Талғар ауданы полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына полиция подполковнигі Омаров Айдар Әбдікерімұлы тағайындалды", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, биыл қазанда Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей мен аудан әкімі қызметінен босатылған болатын. Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлтірілуіне байланысты қоғамда резонанс тудырды.