Айдың басында шаяндар жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты жақындарымен жанжалдасып қалуы мүмкін.
Астрологтар жұлдыздар белгісіне желтоқсан айында көп тәуекел етпеуге, асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Айдың басында жұмыстарды ойнап жүріп бітіруге болады, бірақ ауқымды жобалар бастауға қолайсыз кезең. Жұлдыздар аса сақ болуға шақырады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз жорамалға сенсек, желтоқсан айында бірқатар қадамдар жасалады. Алайда ол қандай нәтиже берсе де, дайын болу керек. Сондай-ақ маңызды шешім қабылдар алдында сенімді адамдармен кеңесіп, ақылдасқан артық етпейді. Ауыр еңбектен соң демалып, күш жинауды да естен шығармаған абзал.
Тоқты
Бірқатар жағымсыз жағдайларды реттеу үшін біршама күш салу керек болады. Жақсылап тырыссаңыз, барлығы оңалып, нәтиже береді. Сенімді серіктеріңізден ақыл сұрауға қысылмаңыз. Эмоция, мазасыздық пен ашушаңдықты жеңу оңай болмайды. Десе де, маңызды шешімге келерде асығыстық танытпаңыз. Бітпеген істі аяқтау, қатемен жұмыс істеу, алдағы уақытты жоспарлау әлдеқайда маңызды. Қаржы мәселесіне де салмақты қараған жөн. Эмоцияға беріліп, қажетсіз заттарды сатып алудан аулақ болыңыз. Ай соңында еңбегіңіздің нәтижесін көресіз, үмітіңіз ақталады.
Торпақ
Торпақтар үшін келер ай өнімді болмақ. Ойға алған ісіңізді жүзеге асыруға, жаңа нәрсе үйренуге, перспективтік байланыстарды нығайтуға, келісімшарттарға қол қою, маңызды келісімдер мен пайдалы мәмілелер жасауға ең оңтайлы уақыт. Ешқандай тосын жайттар сізді ойыңыздан айныта алмайды. Сүйінші хабар естуіңіз әбден мүмкін. Ал айдың ортасында біраз шығынға батуыңыз ғажап емес. Торпақтардың көбі тығырықтан жол тауып, қиын жағдайлардан шығады. Ол үшін барынша тырысып бағу керек.
Егіздер
Егіздер үшін де желтоқсан сәтті ай болмақ. Сізге бірнеше жақсы ұсыныс түседі, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз. Бұл кезең білім алып, біліктілікті арттыруға қолайлы болмақ. Кей егіздер жұмысында табысқа жетіп, мансабы өседі. Іскерлік серіктестермен де жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Сондай-ақ табысыңызды арттыруға жақсы мүмкіндік болады. Айдың ортасында бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Күткен нәрсеңіз орындалмай қалуы әбден мүмкін. Сондықтан оған да дайын болыңыз. Ұсақ-түйекке мән беремін де, маңызды дүниені назарыңыздан жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ ауқымды жобалар, маңызды келісімдер мен саяхатты кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн.
Шаян
Айдың басында шаяндар жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты жақындарымен жанжалдасып қалуы мүмкін. Ішкі толғаныстарды да бастан өткізеді. Маңызды мәмілелерді, жылжымайтын мүліктерге байланысты мәселелерді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс. Бірақ жұмыс ауыстыруға оңтайлы уақыт. Шешімін таппай жүрген сұрақтарға келгенде интуицияңызды тыңдаңыз. Ол дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Желтоқсан айының соңында бітпеген жұмыстарды аяқтап, қолыңыз жетпей жүрген шаруаларды реттегеніңз жөн. Жылға қорытынды жасауға уақыт арнаңыз.
Арыстан
Желтоқсан айының басында арыстандар энергия мен күш-қуатқа толы болады. Бастамалық, іскерлік пен кәсіби амбиция сіздің беделіңізді нығайтуға және керемет нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Қызметте жоғарылап, табысыңыз артады. Мүмкіндікті пайдалансаңыз, өз мақсаттарыңызға жетесіз. Сондай-ақ жаңа таныстықтар перспективті істерге әкеледі. Өзіңізге деген сенім мен табандылық жетістіктерге жетелейді. Ай соңында басыңыз бәлеге қалмасын десеңіз, әр сөзіңізге абай болыңыз. Басқа бәле тілден.
Бикеш
Желтоқсан айы бикештер үшін оңайға соқпайын деп тұр. Тіпті бұған дейін жақсы араласып жүрген жандармен сөзге келіп қалуыңыз ықтимал. Іс-сапарлар да сәтсіз аяқталуы мүмкін. Білім алып, біліктілік арттыруды, жаңа нәрсе үйренуді кейінге қалдыра тұрғаныңыз абзал. Қапа болмаңыз, айдың соңында бәрі өз орнына келеді. Кей мәселенің шешімін өзіңіз тапсаңыз, басқалары өзі реттеледі.
Таразы
Таразылар аяқталмаған істерінің кесірінен жоспарын өзгертуге мәжбүр болады. Жақындарымен тіл табысу да қиынға соғады. Күткен дүниеңіз ойдағыдай шықпауы мүмкін. Десе де, айдың ортасында бәрі оңалады. Өз қателеріңізбен жұмыс істеп, оны түзеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ өз қабілеттеріңізді жақсы жақтан көрсете аласыз. Жаңа таныстықтар ұзақ мерзімді серіктестікке немесе жеке өмірдегі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Жетістікке жетіп, алға қойған мақсаттарыңызды орындау үшін бірқатар мәселені шешуге тура келеді.
Сарышаян
Жұлдыздар сарышаяндар алдағы уақытта өзіне берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береді. Өзіне сенімді бұл жұлдыз белгілері мақсаттарын орындауда ештеңеден тайынбайды. Маңызды мәмілелер жасауға оңтайлы кез. Сондай-ақ осы айда қомақты қаржыға ие болуыңыз әбден мүмкін. Алайда қаражатты ақылмен жұмсауды да ескерген жөн. Айдың ортасында ой жинақтау қиынға соғады. Бір нәрсеге ден қойып, көңіл бөлуден қаласыз. Ашушаңдық пен әсершілдікті ысырып қоймасаңыз, жұмысыңыздың нәтижесіне кері әсер етуі ықтимал. Десе де, желтоқсан сарышаяндар үшін жайлы аяқталады. Адамдармен арадағы түсініспеушілікті жойып, қарым-қатынасты реттейсіз. Жақындарыңыз бен достарыңызбен бас қосып, қонақ етуді де ұмытпаңыз.
Мерген
Айдың басында мергендердің күш-қуаты артып, кез келген іске ынтасымен кірісуге дайын болады. Алайда энергияны дұрыс бағытта жұмсай білу маңызды. Сонда ғана сіз кез келген мәселелерді еш қиындықсыз шешіп, керемет нәтижелерге қол жеткізесіз, сондай-ақ іскерлік беделіңіз нығаяды. Кей мергендер басшылықтың көзіне жақсы қырынан түсіп, табысқа жету жолында біршама қадам жасайды. Желтоқсан айының ортасында ішкі қарама-қайшылықтарға үңіліп, ретке келтірмесеңіз жұмысыңыздың өнімді болуы екіталай. Сонымен қатар жақындарыңызбен және ескі достарыңызбен болған ашық әңгіме өзара қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді. Ал ай соңында жоспарлаған келісімшарттарыңыз сәтті аяқталып, өз нәтижесін береді.
Тауешкі
Тауешкілер желтоқсаннан бастап жоспарларыңызға бірден кірісіңіз. Өйткені бұл уақытта бастаған әр ісіңіз сәтті аяқталады. Сол себепті маңызды жұмыстарыңыздың оң аяқталуы үшін әрекет етіңіз. Сондай-ақ жаңа нәрсе үйреніп, білім алуға қолайлы уақыт екенін ескеріңіз. Кей тауешкілердің сәтті іскерлік сапарға шығуы ықтимал. Шешімін таппаған мәселелер мен орындалмаған уәделеріңізді де естен шығармаңыз. Қаржылай қиындықтар да тауешкілерді айналып өтпейді. Десе де, айтарлық қиындық тудырмауы керек. Айдың соңында бәрі өз орнына келеді. Есіңізде болсын, қаншалықты көп күш салсаңыз, ісіңіз де соншалықты өнімді болады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар дұрыс деп тапқан кез келген мүмкіндікті жіберіп алмағаны дұрыс. Шығармашылық ұсыныстар жасап, жаңашыл дүниелерді бастап кетуден тартынбаңыз. Ынта мен табандылық кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Өзін жақсы қырынан көрсете алған суқұйғыштар қызметте көтеріліп, табысы артады. Қысқа мерзімді сапарлар да оң нәтижесін береді. Айдың ортасында күтпеген жағдайлар болады. Күш-қуатыңызды асыра бағалауға ұмтылуыңыз бен амбицияңыздың артуы жағдайды ушықтыра түспек. Сондай-ақ кез келген адамға сене беруден аулақ болыңыз. Жоспарлаған саяхатыңызды да кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн.
Балықтар
Желтоқсанның басында балықтарға қызық әрі пайдалы ұсыныстар түседі. Шығармашылық потенциалыңызды арттыратын уақыт келді. Жетістікке жететініңіз сөзсіз. Жаңа таныстық орнату, үзілген қарым-қатынасты қайта жаңартуға өте қолайлы уақыт. Айдың екінші жартысында ауқымды жобаларды бастаудың қажеті жоқ. Сақтықпен әрекет етіңіз, ойланбастан шешім қабылдап, асығыстық жасаудан аулақ болыңыз. Сондай-ақ сүйіктіңіз мазасыздықтан арылып, жаныңыздың тыныштық табуына көмектеседі.