$ 523.17  550.06  4.93

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім қайта қаралды

Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады.

Фото: smartnews.kz
Фото: smartnews.kz

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық бақылауға жатпайды", – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев.

Судья Болат Нұрасыл пробациялық бақылау ережесін бұзды деп есептейді.

"Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Бірақ ол сот үкімін орындау тәртібін бұзды", – деп түсіндірді апелляциялық сот алқасының судьясы Нұржан Қарабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары