$ 503.15  543.3  5.93

«1 сағат ұшып, 10 жылға қартайдым»: Актер Бақыт Тушаев Үржар әуежайының жағдайын көрсетті (ВИДЕО)

Өнер иесі Алматыдан Үржарға ұшақпен барған. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі актер, шоумен Бақыт Тушаев Үржар ауданындағы әуежайдың жағдайын көрсетіп, жұртты шошытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Алматыдан Үржарға ұшақпен барған. 

“Үржарға тойға барып келдім. Тоғыз жолдың торабы Үржардың өзі Алакөлмен жалғасып туризмге сұранып тұр. Шағын болса да әуежайын дұрыстап туристер үшін сервисті жандандырып қоюға болады. Алакөлге алыс-жақын шетелден халық ағылып келер еді. Ішкі рейстерге деген қарым-қатынасын көріп отырсыздар. “Қазақтарға осы да жарай береді” дегендей. 1 сағат ұшып, 10 жылға қартайып кеттім. Қайтарда ұшаққа отыруға жүрегім шыдамады. Такси жалдап қайттым. Бірақ жолы керемет тақтайдай төселген. Алакөлді брендке айналдырамыз десек, Үржарға көңіл бөлейік. Үржар – туризм қақпасы”, – деп жазды актер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары