$ 516.93  542.52  4.98

Енді декларация тапсырмаған кәсіпкерлердің шоты бұғатталмақ

Бірақ декларация тапсырған соң шотты қайтадан ашуға болады.

Фото: islam.kz
Фото: islam.kz

Мал-мүлкін көрсетіп, салықшыларға есебін бермегендер енді еркін сауда жасай алмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмаған 68 мыңнан астам адамның есепшотын бұғаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1 қаңтар мен 16 қыркүйек аралығында декларация тапсыруға 4 миллион 800 мың қазақстандық міндеттелген. Алайда олар тиісті мерзімді ескермеген. Кірісі туралы есеп беретіндердің қатарында кәсіпкерлер де бар. Бірақ декларация тапсырған соң шотты қайтадан ашуға болады.

Салықшылар декларация тапсыру тәртібін түзеген 17 жарым мың адамның шотын қайта ашыпты. Яғни декларация тапсыруға үлгермеген азаматтарға 30 жұмыс күнінің ішінде олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берілген. Ал оған да мән бермесе, шоты толық жабылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары