Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
Алматы полициясы кеше, 4 желтоқсанда қарауылшы жасақтың (конвой) көлігінен қашып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазіргі уақытта қарауылшы жасақтың қызметтік көлігінен қашып кеткен "бөтеннің мүлкін ұрлады" деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазір қызметтік тексеру басталды. Бұған кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Алматы полициясы конвой қызметінің автокөлігінен қашып кеткен ер адамның суреті мен мәліметтерін жариялады.
"Алматы қаласының полициясы 1996 жылы туған Аубакри К.Е. есімді ер адам іздестіріліп жатыр. Ол өткен кеште конвой көлігінен қашып кетті. Іздеудегі адамның белгілері: бойы - 165-170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисықтау", - делінген хабарламада.
"Қашқынның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефондарға хабарласуы сұралады:
8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102", - делінген хабарламада.