Бұл туралы мемлекеттік кеңесші мәлім етті.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді", – деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кетейік, осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.