05.12.2024, 22:30

Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген. 

"Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, кесте бойынша азаматтарды қабылдау белгіленген күні келуді сұрады", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Жауапқа қанағаттанбаған ер адам үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өзін өртеп жіберген. Полиция және әкімдік қызметкерлерінің көмегімен өрт тез арада сөндіріліп, жедел жәрдем шақырылып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.