$ 514.93  536.04  5.18

Павлодарлық әйел босануға бірнеше сағат қалғанда баласынан айырылып қалған

Валерия Эйхвальд екінші күні бәрі бірқалып болғанын және одан дәрігерлер қан алмағанын айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Павлодар облысына қарасты Екібастұз ауруханасындағы акушер-гинекологтардың салғырттығынан 2001 жылғы Валерия Эйхвальд сәбиінен айырылып қалды. Ол халықтан көмек сұрап, құзырлы органдарға тергеуді сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода екібастұздық 2001 жылы туған әйел Валерия Эйхвальд отбасында 24 қазан күні қайғылы жағдай болғанын айтты. Әйелдің айтуынша, дәрігерлердің немқұрайлығынан ол босануына бірнеше сағат қалғанда қызы тұншығып қалған.

"Бәрі 8 қазанда басталды. Мен анам мен ағаммен бірге №3 емханаға бардым. Олар өз қабылдауына, мен өзімнің қабылдауыма бардым. Менің акушер-гинеколог дәрігерім қан, несеп талдауын (ақуызды анықтау үшін) және ультрадыбыстық зерттеу тапсыруға жіберді. Барлық талдауды тапсырған соң және сараптамадан өткеннен кейін, қайтадан гинеколог кабинетіне бардым. Акушер-гинеколог менде ақуыз деңгейі жоғары (0,165 моль) және нәресте тахикардиясы бар екенін айтты. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде нәрестенің болжамды салмағы 4 келі болды. Бізге шұғыл түрде перзентханаға жату қажет екенін хабарлады. Үйге барып, босануға арналған сөмкем мен нәрестеге арналған алғашқы киімдерді алдым", – деді әйел.

Валерия Екібастұздағы перзентхананың қабылдау бөліміне барған. Онда әйелге жүктілік кезіндегі кардиотокография жасап, қайтадан ақуызға талдау алған. Бұл жолы ақуыз деңгейі 0,033 моль болып шыққан.

"Мені перзентханаға жатқызды. Бірінші күні жүктілік кезіндегі кардиотокография жасап, қанымды 8 рет алды. Алғашқы төрт күн бойы тек КТГ жасалып, қан талдаулары алынды. Сонымен бірге несепті 5 литрлік бөтелкеге жинады. Осы уақыт бойы менің жамбасым мен шат сүйегім қатты ауырды. Әжетханаға барған сайын шырыш бөлінді. Бұл туралы медбикелерге айтып отырдым. Бұден бөлек олардан қазіргі кезде жеңіл босанудың қандай жақсы әдістері бар екенін, оларды қалай және қаншалықты жиі қолданатынын сұрадым. Маған тек таблетка берілетінін, ал екінші тәулікте босандыруға апаратындарын айтты. Естеріңізге сала кетейін, перзентханаға нәрестемнің тахикардиясымен түстім", – деді Валерия Эйхвальд.

Валерия Эйхвальд екінші күні бәрі бірқалып болғанын және одан дәрігерлер қан алмағанын айтты. Қан алу кезінде дәрігерлер оған инені қатты шаншып тұрып алған екен. Содан оның қан тамырлары қатты ауырған. 

"Медбикелер менен "Сіз қандай шағыммен келдіңіз, қысымыңыз жоғары ма?" деп сұрады. Мен нәресте тахикардиясымен түскенімді тағы да қайталадым. Осы күндері біздің қабатта су мүлде болған жоқ, жылу да жоқ еді. Жөндеу жұмыстары жүріп жатты. Анам келіп, жағдайымды білгісі келді және бәрі жақсы болса, үйіне алып кетпек болды. Өйткені оның үйі перзентхананың қасындағы жолдың арғы бетінде орналасқан. Анам бұл жағдайды диктофонға жазып алды. Мені Мамедова есімді дәрігердің рұқсатымен үйге жіберді. 12 қазан күні КТГ жасатып, қан қысымын өлшеуге келуімді тапсырды. 11 қазан күні дәрігерлер бәрі жақсы екенін айтып, үйге жіберді. 12 қазанда қажетті процедураларға келдім. Бәрі жақсы екенін айтты: қан қысымым 110/70, температура 36,6 болды. Дегенмен маған ешбір дәрігер келіп, айырбастау картасы мен ауруханадан шығу қағаздарын алу керек екенін айтпады. Осы құжаттарды алып, кейін әйелдер консультациясындағы акушер-гинекологқа баруым керек екенін де ескертпеді", – деді Валерия Эйхвальд.

Жүкті әйел 22 қазан күні толғағы басталмағандықтан өзі тұрып, қайтадан перзентханаға барған. Ол сол күні оны ешкім ізмегенін және не істеу керек екені туралы айтпапты. 

Фото: idoctor.kz / Әйелді қараған дәрігер Зару Магеррамовна Мамедова

"Қайта қабылдау бөліміне келгенде, маған күліп, "Толғақ басталуы" деген сөзді бірінші рет естігендей, бәрін айырбастау картасы бойынша сұрай бастады. Осы уақытта Мамедова келді. Үш рет КТГ жасалды. Мамедова дәрігер маған жақындап, неге келгенімді және әйелдер консультациясына барып, шақырту жаздырып алмағанымды сұрады. Сол арада ол дауыс көтере бастады. Мен оған айырбастау картасы мен ауруханадан шығу қағаздарын ешкім бермегенін айтып түсіндірдім. Әрі мен күнде осында босанбайтынымды, сондықтан олардың барлық ережесін білмейтінімді жеткіздім. Сол сәтте анама хабарласып, кетпей, күтуін өтіндім. Себебі мені қабылдамай жатты. Мені екі сағаттай ұстады. Осы уақытта анам Астанаға хабарласып, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының нөмірін алды. Қоңыраулар мен хат алмасулар тіркеліп, ақпарат Екібастұзға жолданды", – деді әйел.

Осы сәтте Валерия байланысу керек адамдардың нөмірлерін жазып алған. Ары қарай акушер Мамедова "Жарайды, сені қабылдаймыз, кейін қайдан іздейтінімізді білу керек" деп айтқан. Ал 23 қазан күні таңертең дәрігер Мамедова Зара Маггерамовна мен перзентхана меңгерушісі Татьяна Александровна сөйлесуге шақырған. 

"Кабинетке кіргенімде, олар маған шағымды не үшін жазғанымды сұрады. Мен шағымды анам жазғанын айттым. Олар анамды шақыруымды сұрады. Бұған еш қарсылық танытпадым. Шығып бара жатқанымда олар маған перзентханаға қатысты шағымым бар ма деп сұрады. Мен жеткілікті екенін айттым. Олар қандай шағым екенін сұрағанда, жүйкемді құртқым келмейтінін, одан да кетіп қалғаным дұрыс екенін айттым. Олар "Жүйкеңді құртпа, айтшы, не ұнамады?" деп сұрады. Мен 8-11 қазан аралығында болған жағдайларды айтып бердім. Одан кейін "Жақсы және жеңіл босануыңды тілейміз" деп маған мысқылдап күлді. "Солай болсын" деп жауап бердім. Шығып үлгермей жатып, олар мені талқылай бастады. Бірақ нақты не айтылғанын ести алмадым", – деді Валерия Эйхвальд.

Валерия бір ай бойы ешкім мүлдем шара қолданбағанын айтып шағымданды. Ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы Түлеген Қапсалықұлы Сәрсембаевқа, Екібастұз қаласының перзентхана меңгерушісі Татьяна Александровнаның әрекетсіздігіне құқықтық баға беруді және акушер-гинеколог Зару Магеррамовна Мамедоваға қатысты шара қолдануды сұрайды. 

Бұл жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына хабарласты, мән-жайды сұрады.

"Бұл оқиға бойынша қазір Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарланады", – деп жауап берді денсаулық басқармасы. 

Бұдан бөлек басқарма осы мәселе бойынша отырыс өтетінін және қосымша ақпараттар ұсынатынын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары