06.12.2024, 15:20

Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай қарсыласын жеңіп, жартылай финалға өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қазақстан ерлер құрамасынан тағы төрт боксшы жартылай финал жолдамасы үшін айқасады.

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні Қазақстаннан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бокстан әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мехрон Шафиевпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Санжар жылдам қимылдап, соққыларын дәл дарыта білді – 5:0.

Екінші кезеңде тәжікстандық боксшы өршелене алға ұмтылды. Бірақ раунд соңында нокдаун алып қалды. Бұл жолы бес төрешінің төртеуі Санжар басым деп тапты. Қорытынды есеп – 5:0.

Бүгін Қазақстан ерлер құрамасынан тағы төрт боксшы жартылай финал жолдамасы үшін айқасады.