$ 516.93  542.52  4.98

«Адай» күйіне сөз жазған белгілі әнші не үшін қамалды?: Полиция департаменті анығын айтты

Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі Арман Сейтжапбар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғандығы белгілі болған.

Фото: YouTube
Фото: YouTube

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл 2 желтоқсан күні сағат 21:57–де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі наша шегіп, оған масаң күйде болғаны анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі Арман Сейтжапбар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғандығы белгілі болған. Оның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігімен айыпталды.

— Сот шешімімен екі азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары