$ 516.93  542.52  4.98

Қазақ қызы әйгілі Диана ханшайымның сыйлығын жеңіп алды

Диана Мұрзағалиева жас күнінде буллингке ұшырап, бірнеше операцияны басынан өткерген.

Фото: ukinkz
Фото: ukinkz

18 жастағы қазақ қызы Диана Мұрзағалиева әлеуметтік бастамалары мен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін «Уэльс ханшайымы Диананың» сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на cілтеме жасап.

Бар болғаны 18 жастағы бойжеткен Ұлыбританияны мойындатты. Ол – Семей полигонынан зардап шеккен. Оған ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған ауру – дизартрия диагнозы (сөйлеу кемістігі) қойылған. Диана буллингке ұшырап, бірнеше операцияны басынан өткерсе де, қиындыққа мойымаған. Бір кездері сөйлей алмаған ол өзінің ойын әңгімелер арқылы жеткізіп, мүгедектігі бар балалардың арманы туралы «Үміт әрдайым жанымызда» атты анимациялық фильмін жасап шығарған.

Қайсар қыз Диана сөйлеу қабілетінде кемшілік бар жандарға арналған AI – SpeakUp қосымшасын жасап шығарып, Inclusive Academy негізін қалаған.

Диана ханшайыммен аттас қазақ қызы жеңіп алған марапатты – Ұлыбританиядағы дарынды жастарды қолдауға арналған Диана ханшайымның атындағы беделді қор ұйымдастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары