$ 516.93  542.52  4.98

Алматы облысы әкімінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

Бұл соманы ол мемлекеттік қызметтегі 20 жылға жуық тәжірибесінің арқасында алып отыр.

Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Арынбекованың айтуынша, аймақ басшысының жалақысы 2 миллион теңгеден асады. Бұл соманы ол мемлекеттік қызметтегі 20 жылға жуық тәжірибесінің арқасында алып отыр.

"Облыс әкімінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы "Облыс бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы негізінде есептеледі. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу схемасына сәйкес, Алматы облысы әкімінің лауазымдық жалақысы 18 жылдан жоғары жұмыс өтілін ескере отырып, 2 414 264 теңгені құрайды", – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары