Мен бүгін жылау үшін әлеуметтік желіге кірдім бе?
Әкесі Астанадан оқитын қызын туған күнімен құттықтау үшін Ақтөбеден арнайы жол жүрген. Сөйтіп, қызына ерекше тосынсый жасаған. Әкесі мен қызының әсерлі сәтте түскен видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоның сипаттамасында Ақтөбе тұрғынының студент қызына тосын сый жасауды жөн көргені айтылған. Әкесі қызын туған күнімен құттықтау үшін жүздеген шақырым жол жүріп келген.
«Қыз туған күнінде өзін мұндай қадірлі қонақ құттықтап келеді деп мүлдем күтпеген», - деп жазылған видеоның астында.
Бейнежазбаның көрген желі қолданушылары қыздың әкесіне ерекше риза болды.
«Туған күніңмен! Қандай әсерлі: «Мен бүгін жылау үшін әлеуметтік желіге кірдім бе? Неге сонша сүйкімді?», «Туған күніңмен, әкеңе қамқор бол!», — деп жазды желідегілер.